7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

06.05.2019

Құрметті қазақстандықтар!

Қадірлі Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері мен әскери қызметкерлері!

Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан қарулы күштерінің алдында бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, Республика аумағының тұтастығын қорғау міндеті тұр. Бұл жас жауынгерлер үшін асқақ абырой екені сөзсіз. Сол себептен де антына адал, сертіне берік Отан қорғаушылардың мәртебесі мен мерейі қашан да асқақ болары анық.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары еліміздің шекарасын айқындап, түпқазығын қақтық, іргемізді бекіттік. Сол шекарамыздың бекемдігі, аспанымыздың ашық болуы, ел бақытының баянды болуы-Отан қорғаушылар қолында екені бәрімізге белгілі. Осы міндетті мінсіз атқарып келе жатқан Қарулы Күштер - Тәуелсіздіктің, қоғамдағы татулық пен келісімнің мызғымас тірегі болады деп сенеміз.

Біздің әскери қызметкерлер жоғары кәсіби даярлықтың, үйлесімділіктің және жауынгерлік дағдының үлгісін көрсетеді. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрмет міндетіне, аға ұрпақтың батырлық, жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің адамгершілік мектебіне айналды. Бұл жалпыға ортақ міндет. Ол әрбір азаматқа Отан үшін, оның бостандығына, өз халқы үшін өзінің жауапкершілігін сезінуге көмектеседі.

Аталмыш мерекеге орай халқымызға бейбіт аспан астында тату-тәтті ғұмыр кешуге шын ниетпен тілектеспіз!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі


Бөлісу: