Жол жүру ережелері

24.04.2017
Спортшылардың жолдағы қауіпсіздігін арттыру мақсатында 26-сәуірде 12:00-де «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-ның конференц- залында «Жол жүру ережелері» тақырыбына дәріс оқылады. Дәрісті ІІД-нің қызметкері оқиды. Дәріске №6 мамандандырылған балалар- жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі, велосипед спорты федерациясының спортшылары және велосипед спортынан ОДО-ның тәрбиеленушілері қатысады.

Бөлісу: