«Наурыз мейрамын» мерекелеуге шақырамыз!

19.03.2019

Қымбатты қала тұрғындары мен меймандары! Сіздерді 21 наурыз күні сағат 9:00-де «Сарыарқа» велотрегі аумағында өтетін  «Наурыз мейрамын» мерекелеуге шақырамыз.

Шара барысында әртістер мерекелік көңіл-күй сыйлайды, қазақ халқының ұлттық ойындары Асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, Ләңгі тебу, қайта жаңғыртылып, қол күрес және қазақша күрестен спортшылар өнер көрсетпек. Сондай-ақ, ұлттық тағамдардан дәм татылады.

Аталмыш мерекенің және Жастар жылының құрметіне орай велошеру өтеді. Велошеруге әрбір тілек білдіруші қатыса алады. Қатысушы бағыт бойынша 6 шақырым жүріп өтеді. (Қабанбай батыр - Тұран көшесі). Велошеруді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашады. 

Шараның мақсаты – барлық адамдарды бір шаңыраққа жинап, бұқаралық спортқа тарту.


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі






Бөлісу: