Жаңалықтар
ҚР Парламент Мәжілісінің төрайымы «Сарыарқа» велотрегінде болды
Бүгін, 2020 жылдың 8 қаңтарында, ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің төрайымы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова, Мәжіліс депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің мүшесі Чирков Михаил Владимирович іс-сапармен «Сарыарқа» республикалық велотрегінде болды.
Сапар барысында жоғары дәрежелі қонақтар көпфункционалды спорт кешенінің мүмкіндіктерімен танысты.
Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлерімен кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын іске асыру үшін қабылданған заңнамалық жаңалықтар мен негізгі бағдарламалық құжаттар және осы сессиядағы заңнамалық қызмет туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, мәдениет пен бұқаралық спортты дамытуда күтілетін өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде Орталық қызметкерлері де өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, Мәжіліс өкілдерінен сауалдарына жауап алды.