Орталық спортшыларының "Тула Гран-приі"жүлделері

25.05.2018

Ағымдағы жылдың 21 мамырында басталған "Тула Гран-приі" велоспорт-трек бойынша халықаралық жарыста велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары жүлделі орындарға ие болды:

- Воржев Павел 1 орын;

- Голов Виктор 2 орын;

- Пономарев Сергей 4 орын.

Туладағы Халықаралық велоспорт-трек жарыстары UCI Халықаралық күнтізбесіне кіреді. Оларға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Әзірбайжан және басқа елдерден бірнеше ондаған спортшылар қатысты. Жарыс кейрин, скретч, спринт, омниум және мэдисон пәндерінде өтеді және жарыстар 2018 жылдың 26 маусымында аяқталады.

Орталық спортшыларын құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!

Велосипед спорты бойынша КҚКО баспасөз қызметі

Бөлісу: