Таеквондо белдігінен жыл сайынғы аттестация өтті

20.12.2018

2018 жылдың 12 желтоқсанында мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалар арасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты спортқа баулу, олардың физикалық дамуын арттыру мақсатында «Сарыарқа» велотрегінде таеквондо белдігін тапсыру бойынша жыл сайынғы аттестация өткен болатын.

Аттестацияға мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, орталықтың тәрбиеленушілері, спорттық дайындығы белгілі бір деңгейге жеткен, таеквондодан теориялық дағдылары бар спортшылар қатыса алды.

Аттестацияның қысқаша бағдарламасына сәйкес таеквондошылар жалпы физикалық дайындығын көрсетті, ПУМСЕ тапсырды, шайқасты тәжірибелі түрде жүргізді, теориялық дағдыларын ортаға салды.

2018 жылдың 19 желтоқсанында «Сарыарқа» велотрегінің жекпе-жек залында атестатты тапсыру қорытындысына сәйкес, аттестаттаудан сәтті өткен қатысушылар анықталды. Қазақстан Республикасының таеквондо федерациясы және  орталықтың басшылығы атынан спортшыларға сертификат пен куәлік, белдік пен жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Назарларыңызға аттестаттаудан сәтті өткен ұл-қыздардың тізімін ұсынамыз.

Сары белдіктер: Нұрлан Алижан, Жұматов Елнұр, Мұқышкин Әлібек, Мұқанова Құралай, Тәженов Серәлі, Елкин Максим, Казанцев Радислав, Жиентай Ибрагим, Нұрлан Адиля, Шахметова Айлин, Қуандық Арлан, Талғатбек Аделя, Марат Тілек, Сапаров Руслан, Құрал Юнус, Бауыржан Айзере, Бауыржан Меруерт, Нұрасыл Гаухар, Қайырбек Арнұр, Бейбітқызы Адема, Рахимжанов Әлихан, Ибраева Ару, Есенғазы Алияр, Меделбек Айнұр.

Жасыл белдіктер: Тю Мария, Әбдукәрім Санжар, Азаматов Азат, Наурызбай Қайсар, Сайлау Ақмерей.

Көк белдіктер: Құдайбергенова Аружан, Тю Андрей, Аният Мансұр, Бейсенбекова Даруна,     Қалқұл Дидар, Сейтбек Еділ.

Қызыл белдіктер: Бажан Асылтас, Тілеубай Абдил Марсело Лопез, Әлібек Батырхан, Шералы Элеонора, Болатбек Сұлтан, Құрманғали Арсен, Қаумбай Балнұр, Алдан Назерке.

Ал, Тілеубай Абдил Марсело Лопез (8-9 жас аралығында), Долгиев Амин (10-11 жас аралығында), Ақби Әлішер (12-14 жас аралығында) «Жыл спортшысы» атанды. 

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: