Бастауыш кәсіподақ құру жөнінде кеңес өтті

26.05.2021

2021 жылғы 26 мамырда «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК ұжымы кәсіподақ ұйымын құру мәселелері бойынша жиналды.

Кәсіподақ жұмысын түсіндіру үшін «Қазақстан мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Астана қалалық филиалының өкілдері келді»:

  • Башарова Малине Бакеновна - "Қазақстанның мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" ҚБ заңгері»;
  • Ізбасарова Бәтима Төлеуқызы - "Қазақстан мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" ҚБ Астана қалалық филиалының бас маманы.

Күн тәртібінде бастауыш кәсіподақ ұйымын құру, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын, дауыс беру қорытындысы бойынша кәсіподақ комитетінің мүшелерін, сондай-ақ тексеру комиссиясын таңдау мәселелері қаралды.

Жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып спорттық-бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы Аманбаева Асия Рахимқызы тағайындалды.

Бөлісу: