Жаңалықтар
Терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша дәріс өткізілді
Әлемнің саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени жағдайына ықпал етіп отырған террористік актілер – ХХІ ғасырдың өзекті мәселесінің бірі. Себебі, терроризм жеке мемлекеттерге ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықтарға да қауіп төндіруде.
Осы тұрғыда қазіргі статус quo-ға байланысты, 13 мамыр күні «Сарыарқа» республикалық велотрегінің мәжіліс залында террористік іс-қимылдарды болдырмауға байланысты онлайн форматта дәріс өткізілді. Атап айтар болсақ, ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Антитеррористік орталығының қызметкері Орталық ұжымымен тікелей байланысқа шықты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Орталық қызметкерлерін лаңкестік акті жасалған немесе қауіп төнген жағдайда сауатты шешім қабылдап, дұрыс қимыл-әрекет жасауға үйрету. Баяндама барысында қауіптілік деңгейлері туралы жалпы ақпарат беріліп, жарылғыш қондырғысына ұқсас зат табылған кезде немесе телефон, пошта арқылы қауіп төндірілген жағдайдағы қалай қимылдау қажеттігі түсіндірілді.
Осы қатарлы ақпараттандыру жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізілуі қажет. Себебі, әр адамға өзі өмір сүріп жатқан қоғам үшін жауапкершілік артылады.