Велоспорттан ҚР Ұлттық чемпионаты өтеді

14.11.2018

14-19 қарашада «Сарыарқа» республикалық велотрегінде велоспорттан ҚР Ұлттық чемпионатының біріншілігі өтеді.

Аталмыш жарыста еліміздің кілең мықты спортшылары өзара бақ сынаспақ. Ұлттық чемпионаттың бағдарламасына сәйкес велошобандоздар спорттың 11 түрінен сынға түспек. Олар: топтық шығып қалу жарысы, жеке және командалық ізге түсу, ұпай бойынша топтық жарыс, скретч пен мэдисон, командалық спринт, кейрин, 200 метрге жүріс, спринт және Гит (500 және 1000 метр).

Жарыс Қазақстан ұлттық құрамасының құрамын анықтауға септеседі. Сондай-ақ, алдағы уақытта жеңімпаздар Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.

Ендеше, барша спорт сүйер қауымды ұлттық біріншілік чемпионатына шақырамыз.

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: