24 сәуірде велоспорттан ҚР Чемпионаты басталады

23.04.2019

2019 жылдың 24-28 сәуір аралығында «Сарыарқа» велотрегінде омниум, мэдисон, спринттік омниумнан (13-16 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында) төрт күндік Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

Аталмыш жарыс халықаралық UCI және Қазақстан Республикасының ережесіне сәйкес ұйымдастырылады.

ҚР Чемпионатының ашылу салтанаты 25 сәуір күні сағат 09:45-те өтеді.

Спорт сүйер қауым үшін есігіміз ашық! 


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі 


Бөлісу: