Қазақстан Республикасының Спорт күні құтты болсын!

15.08.2020

Құрметті спортшылар, спорт ардагерлері және жанкүйерлер! Сіздерді бүгінгі Спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Елімізде жыл сайын тамыз айының әрбір үшінші жексенбісі Спорт күні мерекесі атап өтіледі. Бұл мереке -  кәсіби спортшылар мен бапкерлерге ғана емес, барлық спорт жанкүйерлері мен салауатты өмір салтын ұстанатын әрбір адам үшін айтулы күн! Себебі спорт барша әлемді біріктіреді, дені сау, саламатты қоғам қалыптастыру жолында маңызды рөл атқарады.  Сол себепті, біздің еліміз үшін бұқаралық спорттың дамуы өте маңызды стратегиялық бағыт болып саналады.

Осынау мереке аясында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау Орталығының ұжымы Сіздерге шын жүректен табыс және денсаулық тілейді! Келешекте біздің спортшыларымыз жаңа белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата берсін! Спорт күні құтты болсын!

Бөлісу: