Астана күнімен құттықтаймыз!

06.07.2020

Құрметті қазақстандықтар, Сіздерді бүгінгі астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Аталмыш күнді мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор. Өйткені елордамыз сан-түрлі арман-қиялдарды жүзеге асырған, сан-қилы тағдырларды таныстырған орынға айналып қана қоймай, халқымыздың құндылықтары мен жетістіктерінің куәсі болып келеді. Бүгінде Нұр-Сұлтан - қазақ халқының өткені мен бүгінінің тезін көрген, салтымыз бен дәстүрлерімізді күллі әлемге ұлағаттауға мүмкіндік беріп отырған үлкен алаңға айналды. Ел жүрегінің әлі алда талай жаңарып, жасай беруіне тілекшіміз! Ал барша қазақстандықтарға тағы бір мәрте мереке құтты болсын дейміз!

Бөлісу: