Конституция күні мерекесімен!

29.08.2018

Құрметті қазақстандықтар!

 

Сіздерді еліміздің маңызды мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің басты әрі негізгі заңы болып табылады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Ата Заңымыз тәуелсіздіктің берік іргетасы, жарқын болашақтың кепілі. Ол ежелгі халқымыздың еркін және әділ қоғамда өмір сүруін айқындайды, мемлекеттің бірлігін сақтайды, әрдайым ата-бабамызды еске алуға, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінуге септеседі.

Біз болашаққа аса сеніммен әрі жасампаздықпен қарауымыз қажет. Себебі біз бірлесіп жұмыс атқару арқылы Қазақстаннның өсіп-өркендеуіне, көркеюіне, дамуына өзіндік үлес қосамыз.

Конституциямызда бекітілген нормалар Қазақстан Республикасын гүлдендіру мақсатында еліміздің барлық азаматтарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдай жасайтыны анық.

Мереке қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға береке-бірлік, жұмыстарыңызға табыс, ел игілігі жолындағы қызметте жеміс тілейміз.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын ағайын!

Велосипед спортынан олимпиадалық
даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: