Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен!

20.03.2019

Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Күллі шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан-дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді таза арнаға бұрады.

Бұл кешірім мен мейірімділіктің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген наным бар.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды, махаббат пен татулықты айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Ол өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Қымбатты отандастар! Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Еліміз тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын! Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін!

Бөлісу: