ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Б.М. Сапарбаевтың қатысуымен дене шынықтыру және спорт салаларын дамытуға байланысты жиын өтті

30.10.2019

2019 жылдың 30 қазанында «Сарыарқа» велотрегінің мәжііс залында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Б. М. Сапарбаевтың басшылығымен дене шынықтыру және спорт салалары мәселелеріне байланысты жиын өтті.

Жиынның күн тәртібіне келесі мәселелер қойылды:

1. Бұқаралық спортты әрі қарай дамыту іс-шаралары;

2. XXXII Токио-2020 Жазғы Олимпиада ойындарына спорт түрлерінен құрама командаларының дайындық жұмыстары;

3. XVI Токио-2020 Паралимпиадалық Жазғы Олимпиада ойындарына  құрама командаларының дайындық жұмыстары.

Баяндамашы ретінде ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раимқұлова, ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің спорт дирекциясының Директоры, Ұлттық құрамалардың Токио-2020 Олимпиадасына дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың басшысы Е.Б. Қанағатов сөз сөйледі. Сондай-ақ, алда болатын Олимпиадаға дайындық туралы Қазақстан бокс Федерациясы,
Грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясы, Су спорты түрлері Федерациясы және дзюдо, таеквондо (WTF), WKF каратэ Федерациясының өкілдері есеп берді.

Жиын соңында Б. Машбекұлы барлық жауапты тұлғаларға жақсы нәтиже үшін жұмыс жасап, барлық федерациялар мен Ұлттық Олимпиада Комитетінің мәдениет және спорт Министрлігімен тығыз жұмыс істеуді тапсырды.

Бөлісу: