Жаңалықтар
Жаңа баскетбол маусымының басталуына санаулы күндер қалды
2018/2019 жылдардағы баскетбол маусымының басталуына санаулы күндер қалды. Осыған орай бүгін «Сарыарқа» велотрегінде дәстүрлі түрде «Астана» баскетбол клубының медиа-күні өтті.
Аталмыш шарада «Астана» президенттік баскетбол клубының ойыншылары және бас бапкер Эмиль Райковичпен бірге баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.
Кешке ППСК бас директоры Асқар Баталов, «Астана» ПБК бас менеджері Валерий Тихоненко және бас бапкер қатысты. Баспасөз конференциясы барысында өкілдер «Астана» клубының жаңа құрамымен таныстырды. Отандастарымыз Руслан Айтқали, Асқар Майдекин командаға қосылды. Сондай-ақ клуб үш американдықпен келісімшартқа отырды.
Естеріңізге салсақ, 7 қазан күні «Сарыарқа» велотрегінде паркет иелері ЦСКА ПБК қарсыластарымен кездеседі. Ендеше осы жексенбіде тартысты да қызықты ойын өтетініне сенімдіміз.
Велосипед спортынан олимпиадалық
даярлау орталығының баспасөз қызметі