«Қазақстанда паралимпиадалық спортты дамыту келешектері» тақырыбында семинар-тренинг.

03.11.2017

2017 жылғы 2 қарашада «Сарыарқа» республикалық велотрегінде «Қазақстанда паралимпиадалық спортты дамыту келешектері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. 

Мүгедектігі бар атлеттер мен ҒӨБ өкілдерін жаттықтыратын жаттықтырушыларға арналған  оқытушы семинар-тренинг аяқталды. Осы іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Ұлттық паралимпиадалық  комитет пен «Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК.

Семинарға психологтар, әдіскерлер, заңгерлер, спорт ұйымдарының спорт дәрігерлері, спорт клубтарының жаттықтырушылары, ҒӨБ спорт менеджерлері және басқалар қатысты.Ұлттық паралимпиадалық комитетінің қызметкерлерінің таныстырылымдары арқасында тренинг қатысушылары паралимиадалық спорт туралы және жалпы паралимпиадалық қозғалыс туралы көп нәрсені білді. Семинар барысында жарыстар жіктелімі, ҒӨК құрылымы, дарындарды сәйкестендіру және елімізде пар спортты дамыту келешектері сияқты мәселелер талқыланды.Осы іс-шара Агитос қорының қолдауымен өткізілді. Семинар аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға атаулы сертификаттар табысталды. Барлық қатысушыларға  белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!  

Дереккөз: «Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК

Бөлісу: