Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бойынша кездесу өткізілді

31.05.2019

Бүгін «Сарыарқа» велотрегінің баспасөз залында орталық қызметкерлерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясы атынан Қазақстан Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бойынша кездесу өткізілді.

Үміткерді қолдау мақсатында аталмыш шараға мемлекеттік органдардың бірқатар өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Елбасы стратегиясының сабақтастығын қамтамасыз етіп, мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін президенттік сайлауға қатысуға бел буған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы таныстырылады.

Басты қағидаттары: Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу.

Өкілдер барша қазақстандықтарды лайықты өмір сүру мен ұрпағымыздың болашағы үшін бірігуге және жұдырықтай жұмылып жұмыс істеуге, бір кісідей дауыс беруге шақырды.


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі


Бөлісу: