Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жиналыс өткізілді

26.02.2020

Бүгін, 25 ақпан күні, «Сарыарқа» велотрегі ғимаратында Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі жанындағы спорт ұйымдарының қатысуымен сыбайлас-жемқорлық іс-әрекеттеіне байланысты жиналыс өтті.

Жиынды дене шынықтыру және спорт істері Комитетінің төрағасы Серік Жұманғалиұлы жүргізді.

Алғашқы сөз кезегі  ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас кеңесшісі Мирас Асқарбайұлы на берілді. Ол тыңдармандарды Агенттіктің сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің заманауи саясаты мен халық арасында әдептілік мәдениетін қалыптастыру жолындағы негізгі міндеттемелерімен таныстырып өтті.

"Anticorruption smg" арнайы мониторингтік тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде азаматтық бастамаға жәрдемдесу қоры" ҚҚ басшысы Асқар Рашитұлы жиналғандарға ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалу барысын баяндап берді.

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Болысбекұлы жиынды қорытындылады.

Сөз сөйлегендер Министрліктің және оған бағынышты ұйымдардың барлық қызметкерлері «Адалдық алаңы» жобасының іске асуына атсалысатынына сенім білдірді.

Бөлісу: