Жаңалықтар
Велоспорттан ҚР Ұлттық чемпионатының ашылу салтанаты өтті
Бүгін «Сарыарқа» республикалық велотрегінде велоспорттан ҚР Ұлттық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Шараға ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Баймұхамедұлы Қанағатов, велоспорттан Әлем Чемпионы, СССР спорт шебері, Қазақстан велоспорт федерациясы президентінің кеңесшісі Марат Қуанбайұлы Сатыбалдиев, Атлантадағы XXVI Олимпиада ойындарының чемпионы, Әлем чемпионаттарының жүлдегері, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Зүлфия Забирова, «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры Бауыржан Өмірсерікұлы Мұқашев қатысты.
Еске салсақ, аталмыш жарыста республиканың түкпір-түкпірінен келген кілең мықты спортшылар өзара бақ сынаспақ.
Жарыс Қазақстан ұлттық құрамасының құрамын анықтауға септеседі. Сондай-ақ, алдағы уақытта жеңімпаздар Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.
Ендеше, барша спорт сүйер қауымды Ұлттық чемпионатқа шақырамыз.
Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі