Жаңалықтар
«Олимпиада үміті – 2019» Гран-при сайысы өтті
21 қыркүйек күні "Сарыарқа" велотрегінде балалар арасында велосипед спортынан "Олимпиада үміті" Гран-при сайысы өтті.
Орталық әкімшілігі ұйымдастыратын іс-шара жыл сайын 1000-нан аса көрермен жинайды. Гран-придің негізгі мақсаты – велосипед спортын халық арасында насихаттау және дамыту, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға дәріптеу.
Биылғы бәсекеде 4 санат бойынша 5-6 жастағы 250 қатысушы бақтарын сынады:
- Ер балалар – 5 жас;
- Қыз балалар – 5 жас;
- Ер балалар – 6 жас;
- Қыз балалар -6 жас.
Сайысқа қатысу үшін талапкерлер арнайы өтінімді толтырып, дәрігер анықтамасы мен туу туралы куәліктің көшірмесін өткізді. Гран-при ақысыз негізде жүзеге асады.
Турнир барысында 100 метр қашықтыққа велосипедпен жарыс, «My Day» орталығы аниматорларының ойын-сауық бағдарламасы, «Biim Bala» балалардың шығармашылық және дамыту орталығының және «Лига Роботов» дамыту орталығының шеберлік сағаттары және сайыс демеушілері ұсынған 50-ге жуық сыйлықтар үшін ұтыс ойындары өткізілді. Сондай-ақ, сайыстың әрбір қатысушысы «TASSAY» компаниясының суы мен «Zheka’s Ice» балмұздағына ие болды.
Жеңімпаздар "Сарыарқа" велотрегі әкімшілігінің (1-орын: велосипед; 2-орын: роликті коньки; 3-орын: велосипедші дулығасы) және демеушілер сыйлықтарымен марапатталды.
"Олимпиада үміті - 2019" Гран-приінің жеңімпаздары келесідегідей:
Ер балалар - 5 жас:
1 орын: Белькович Руслан Юрьевич.
2 орын: Көшербай Әлтаир Әділханұлы.
3 орын: Угоденко Макар Никитич.
Қыз балалар – 5 жас:
1 орын: Маковкина София Витальевна.
2 орын: Аянқызы Сабина.
3 орын: Ертай Гүлім Даулетбекқызы.
Ер балалар – 6 жас:
1 орын: Ольденбург Яков Яковлевич.
2 орын: Жораев Абдрахман Дамирович.
3 орын: Қасқырбаев Ерсұлтан Маратұлы.
Қыз балалар – 6 жас:
1 орын: Истаулетова Амина Руслановна.
2 орын: Әубәкір Айша Маратқызы.
3 орын: Еркінбек Шұғыла Болатқызы.
«Олимпиадалық үміт-2019» Гран-приін өткізуде бірқатар ұйымдар мен мекемелер қолдау көрсетті, соның ішінде:
- «НұрОтан» партиясы;
- «Астана велосипед орталығы» спорт мектебі;
- Юникс «TASSAY» компаниясы;
- «Биім Бала» балалар шығармашылығы және дамыту орталығы;
- «Роботтар лигасы» балаларға арналған робототехника;
- «Winner» спорт дүкені;
- «Zheka’s Ice» жылдам тамақтану желісі;
- «My Day»балалар кештерін ұйымдастырушылар;
- «Слайм мания» балаларды дамыту орталығы;
- «Энотия елі» байланысу зоопаркі;
- «Мимиория» шығармашылық және дамудың отбасылық орталығы;
- «Аружан» сауда орталығы;
- «Star Play» ойын-сауық орталығы;
- «Эврикум» ғажап паркі.
Гран-приді сәтті өткізуге қатысқан серіктестерге алғыс білдіреміз!
Келесі жылы Гран-приде велоспортты сүйетін балаларды күтеміз!
Сіз көре алатын барлық фотосуреттер осында.