«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» семинары өтті

26.06.2019

Бүгін, 26 маусым күні «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлу Орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын-да  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» атты республикалық семинар өтті.

Семинарда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Исақұл Алан Әбдісерікұлы баяндама оқыды.

Аталған семинар отырысында  Орталықтың қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық нормалар, кәсіпорынның қызметіне қатысты заңдар түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қимылдары талқыланды.

"Қазір біз Грузияның тәжірибесін зерттеудеміз, сонымен қатар біздің елімізде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жүргізілуде, бұл қызмет көрсетушілер мен қызмет алушы арасындағы байланыстарды болдырмауға мүмкіндік береді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ең көп жағдайлары байланыс жолымен қызмет көрсету кезінде туындайды" - деді Алан Әбдісерікұлы.

Бөлісу: