Жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру семинары өтті
2018 жылдың 29 қарашасында «Сарыарқа» велотрегінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты республикалық семинар-кеңесі өтті.
Аталмыш шараның мақсаты – жемқорлыққа қарсы дүниетанымды насихаттау және қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру туралы сұрақтарға тоқталу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананың, азаматтық ұстанымның қалыптасуына, алынған ақпараттан дұрыс тұжырым шығара білуге ықпал ету.
Семинарға Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Есімов Асқар Асылбекұлы, ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Ким Роман Юрьевич, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының спорттық бақылау инспекторы Шакенов Жақсылық Малбақтинұлы, Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы аймағының филиалы Халыққа қызмет көрсету жөніндегі №3 қалалық бөлімінің басшысы Әлия Райымбекова қатысты.
Шара барысында орталықтың қызметкері Аделя Махмұтова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша есеп беріп, оның негізгі тармақтары мен әдістеріне тоқталды. Сондай-ақ, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Асқар Есімов өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу, әсіресе спорт саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басым бағыттардың бірі болып табылатындығын тілге тиек етті.
Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі