Жаңалықтар
Спортшылар халықаралық жарыста жүлделі орындарды иеленуде
08.04.2019
Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары халықаралық жарыста жеңісті тұғырдан көрінді. Қыздар арасында топтық сында Нина Зайцева 1 орынды қанжығасына байлады. Ал қыздар арасында критериумнен Люба Репп пен жасөспірімдер арасында Өсім Ақпейіл қола медальға қол жеткізді.
Естеріңізге салсақ, велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары Белоруссияның Минск және Мозырь қалаларында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны мен халықаралық жарыстарға қатысуда.
Велошабандоздарды жемісті жетістігімен құттықтаймыз. Әлі де алар асулары, шығар белестері көп болсын!
Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі