Жаңалықтар
Орталық спортшылары Италияда өткен халықаралық турнирден медальмен оралды
2021 жылғы 14-24 мамыр аралығында "Нұр-Сұлтан" олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Тодди қаласында (Италия) стенд ату бойынша өткен Green Cup халықаралық турниріне қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің мергендеріміз жүлделі орындарға ие болды:
Финалдың тартысты бәсекесінде, жасөспірімдер арасындағы "trap" жаттығуында Анастасия Прилепина мен Әлішер Айсалбаев күміс медальға ие болды. Жасөспірімдер арасында "skeet" жаттығуында Амалия Кудрявцева қола медальға ие болды. ⠀
Сондай-ақ, қазақстандық спортшылар Мария Дмитриенко мен Хасянов Виктор "trap-mix" жұптық жаттығуында турнир чемпиондары атанды!
Спортшыларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және спорттық мансабында сәттілік тілейміз!
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта біздің мергендер Әзірбайжанда 18-22 маусым аралығында өтетін келесі халықаралық турнирге дайындалуда.