СТЕЛЛА СУХАНОВА ХЭФЭЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ РЕЙТИНГТІК АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

24.04.2026

СТЕЛЛА СУХАНОВА ХЭФЭЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ РЕЙТИНГТІК АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Қытайдың Хэфэй қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде  есуден Лос-Анджелес Олимпиадасына арналған рейтингтік Азия чемпионатында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары жоғары нәтижелер көрсетті.

Байдаркамен 1000 метр қашықтықта ұлттық құрама спортшысы Стелла Суханова алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ каноэде әлем чемпионатының қола жүлдегері Мария Бровкова 500 метр қашықтықта үшінші болып мәреге жетті.  Спортшыларымызды құттықтаймыз!

Бөлісу: