«Астана» сенімді екі жеңісімен «Синегорьені» шығарып салды

28.10.2019

«Астана» президенттік баскетбол клубы Ұлттық лига аясында өз алаңындағы Көкшетаудан келген «Синегорье» құрамасына қарсы ойында жеңіске жетті.

Бұл матчтарда «Астана» барлық талаптар бойынша қарсыластарын қапы қалдырды. Біздің команда турнир кестесінде ешкімге есе жібермей, жеңіске жетіп келеді.

«Астана» құрамасы Ұлттық лигадағы келесі ойындарды 29-30 қазан күндері Атыраудың «Барыс» командасымен алғаш рет кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, ВТБ Біріккен лигасы аясындағы -  4 қараша күні петерборлық «Зенит» пен 9 қарашадағы беларустық «Цмоки Минск» командаларымен ойындарына билеттер сатылымға шықты.

Дереккөзі: www.pbcastana.kz

Бөлісу: