Таеквондошылары Түркиядан жүлдемен оралды

17.03.2021

10-17 наурыз аралығында Стамбул қаласында таеквондодан "Turkish Open" G-1 Халықаралық рейтингтік турнирі өтті. Аталған сайысқа әлемнің 15 елінен 500-ге жуық спортшы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша біздің орталық спортшысы Бақберген Нұрсат 68 келі салмақ дәрежесінде алтын жүлдеге ие болды.

Ал Исламов Жавахир 48 келіп салмақ дәрежесі бойынша күміс медаль иегері атанса, Ахмедова Надира (49 келі) мен Нуралиев Асад (59 келі) педьесталдың үшінші тұғырынан көрінді.

Біз Сіздерді мақтан тұтамыз!

Бөлісу: