«Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы»: «Дзюдо»

21.05.2021

Біз спорт түрлерімен танысуды жалғастырамыз:

Дзюдо туралы қызықты деректер туралы

Құрметті спорт сүйер қауымы,  сіздерді  МҚКО ««Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығында»   жарыстар ұйымдастырылып және жыл бойына спортшылардың  жаттығулары өткізілетін, ұйымдар мен тұрғындарға дене шынықтыру және спорттық қызмет көрсететін спорт түрлерімен таныстыруды жалғастырамыз.

Сідердің назарыңызға дзюдо туралы ақпаратты ұсынамыз.

Дзюдо және оның даму тарихы туралы

Дзю-До (жапонша дзю – жұмсақ, до – жол) – спорт түрі, жапондардың ұлттық күрес ойыны. Аталған спорт түрінің негізі қаланған күн 1882 жыл деп саналады, сол  уақытта жапондық жекпе-жек шебері Джигоро Кано өзінің алғашқы мектебін құрып, дзюдзюцу негізінде жаттығулар мен жарыстардың негізгі ережелері мен қағидаларын тұжырымдады.

Дзюдо - бұл жекпе-жек немесе спорттық күрестің бір түрі, мұнда бастысы күш емес, ептілік, қарсыластың күшін түбегейлі пайдалану. Бұл жекпе-жек икемділікті, тепе-теңдікті дамытады және көптеген басқа артықшылықтары бар:

  • спортшы қауіпсіздігінің жоғары деңгейі
  • физикалық төзімділікті жақсартады;
  • спортшының қозғалыстар мен зиятын арттырады;
  • жауынгерлік рухты күшейтеді, қозғалыс жылдамдығын жақсартады;
  • қарсыласқа деген құрмет сезімін дамытады;
  • коммуникация және әлеуметтендіру.

Жекпе-жектің бұл түрі сабырлы, терең ойлы ұл-қыздар үшін өте қолайлы. Жеке жекпе-жек техникасы оларды қиын жағдайдан шығуға, тек маңызды нәрселерге назар аударуға үйретеді. Дзюдо спортшылары  жұпта күреседі, бірақ серіктестері үнемі өзгеріп отырады. Жас дзюдошы әр күресте өз серіктесіне көзқарас табуы керек. Спортшылар жапон сөздері мен терминдерін жақсы меңгеруі қажет. Тұрақты жаттығулар спортшыны денесін дұрыс басқаруға, сыртқы агрессия көріністеріне жол бермеуді  үйретеді.

Дзюдодан алғашқы жарыс  1964 жылы Жапонияның астанасы Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында пайда болды. Бастапқыда жарыстар ерлер арасында өткізілген, ал әйелдер арасындағы жарыс 1992 жылы Испания астанасы Барселонада өткен Жазғы Олимпиада ойындарында пайда болды.

Қазақстандағы дзюдо

Қазақстанда дзюдо спорты 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап дамып келеді. 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басы отандық дзюдо дамуының жаңа кезеңі болды. Осы жылдары  отандық спортшылар  ССРО жазғы спорт күндерінің, Совет Одағының және Еуропа чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері аталды,  Али Хамхоев, Қайрат Мысықбаев, Сергей Аширов, Ахат Аширов, Серік Шакимов, Асланбек Омаров, Ирина Семенюк сияқты басқа да отандық спортшыларының жеңістерімен байланысты.

Қазақстан Тәуелсіздік алған күннен бастап, яғни 1991 жылынан бері,  халықаралық, континентаралық  біріншіліктерге, әлем чемпионаттарына, Олимпиада және Азия ойындарына еліміздің жеке құрама командасын шығаруға мүмкіндік алды.

Отандық татами шеберлерінің алғашқы кездесулері көңілге қуаныш ұялататындай болды. 1993 жыл Макаода өткен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте, аталған спорт түрінің негізін қалаушы жапондықтарға ғана есе жіберіп, екінші орынды иеленді.

1994 жылы Хиросимада (Жапония) өткен алғашқы Азия ойындарында Қазақстан командасы 5 медальға ие болды, оның ішінде 2 күміс (Иван Карезелиди және Серік Әлімжанов) және 3 қола бар (Серік Шакимов, Серік Адыгенов, Ибрагим Вешогуров).

Келесі 1998 жылы Бангкокта (Таиланд) өткен Азия ойындарында ел спортшылары 6 медальді қанжығаларына байлады. Иван Баглаев пен Варвара Масягина күмістен алқа тақса, Нұрбол Сүлейменов, Вячеслав Бердута, Руслан Сейілханов және Серик Шакимов қолаға ие болды.

2002 жылы Бусанда (Оңтүстік Корея) өткен Азия ойындарында 4 рет марапатқа ие болды, Базарбек Донбай күміс алса, Асхат Жіткеев, Вячеслава Бердут және Шолпан Қалиева өз жанкүйерлерін қола алып қуантты.

Дохада (Катар) 2006 жылы өткен Азия ойындары ел дзюдошылары үшін жемісті болды, біздің саңлақтар 6 медальді иеленді, оның 2-уі күміс (Максим Раков, Алмаз Атаев) және 4-еуі қола (Асхат Жіткеев екі мараптақа ие болды, 100 келіден жоғары және абсолютті салмақта, Елдос Ихсанғалиев, Саламат Утарбаев).

2010 жылы Гуанчжоуда (Қытай) өткен Азия ойындарында Қазақстан 4 медальді қоржынға салды, Ислама Бозбаев күмістен, ал Максим Раков, Гүлжан Исанова және Ғалия Өлментаева қоладан алқа тақты.

2001 жылы еліміздің татами шеберлері Қазақстан дзюдо тарихында алғаш рет жаңа деңгейге көтеріледі. Ересектер арасындағы әлем чемпионатында Асхат Шахаров пен Асхат Жіткеев қола жүлдегерлері атанады.

Еліміздің Алматы қаласында 2004 жылы алғаш рет Азия біріншілігі өтті, бұл жарыста біздің спортшылар 3 алтынды жеңіп алады (Асхат Жіткеев, Мұратбек Қыпшақбаев, Базарбек Донбай).

Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионаттарында да (ерлер, жастар және жасөспірімдер) сәтті өнер көрсетіп жүргенін айта кеткен жөн.

Әр түрлі жылдары жастар арасындағы әлем біріншіліктерде Марат Мықтыбеков, Әсет Түсіпов, Коныспай Шпанов, Максим Раков, Ілияс Измагилов, Наурызбек Майлашев, Виктор Демьяненко, Серіктай Закетаев, Азиз Қалқаманұлы, Хаванбай Ховдал және Елдос Сметов сияқты саңлақтарымыз жүлдегер атағына ие болды.

Қазақстан дзюдошыларына Олимпиададағы алғашқы ірі жеңіс 2008 жылы келді, Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында Асхат Жіткеев Олимпиаданың күміс жүлдесін қанжығасына байлады, ақтық мәреде тек Монғолиядан келген қарсыласына есе жіберді. Осы биік жүлде алғаннан соң үш мәрте Азия чемпионы және әлем біріншілігінің қола жүлдегері спорттық карьерасын мақтанышпен аяқтады.

2009 жылы қазахстандық Максим Раков осыған дейін ешкім жетпеген жетістікке қол жеткізеді, 23 жасында ол ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Сол әлем біріншілігінде еліміздің спортшылары  жалпы командалық есепте Корея мен Ресейден кейін 3-ші орынға ие болды, осы кезде Жапония құрамасын артқа тастағанын айта кеткен жөн.

2010 жылы Мароккода өткен әлем чемпионатында біздің команда 1 алтын, 2 күміс және 1 қола марапатты жеңіп, командалық есепте жапондықтардан кейінгі екінші орынды иеленді. Отандық дзюдо тарихында Елдос Сметов жастар арасында бірінші әлем чемпионы атанды (бір жылдан кейін жастар арасындағы әлем чемпионатында Сметов күміс медалін алады).

2011 жылы  жастар құрама командасы әлем чемпионатында да сәтті өнер көрсетіп, 4 рет  марапатқа ие болды: 2 күміс және 2 қола медалі.

Қазақстан дзюдошылары 2009-2012 жылдар аралығында ересектер, жастар, жасөспірімдер  арасындағы әлем және Азия чемпионаттарына, «Әлем шеберлері», Гран-При, «Үлкен Дулыға», әлем кубогі турнирлеріне қатысып, барлық халықаралық додаларда жақсы нәтижелер көрсетті. Жоғарыда аталған барлық жарыстарда еліміздің саңлақтары жеңімпазадар мен жүлдегерлер атанды. 2012 жылы «Әлем шеберлері» турнирінде додаға әр салмақ дәрежесінен әлемнің ең мықты 16 дзюдошысы қатысқан өте беделді жарыста  Максим Раков Қазақстанға алғаш рет алтын медалін әкелді.

Жоғарыда көрсетілген жылдар аралығында біздің дзюдошылар халықаралық додалардан жалпы алғанда 88 медаль ұтып алды, оның 18 алтын, 19 күміс және 51 қола марапат. Халықаралық жарыстарға қатысып жүрген отандық спортшыларымыздың мақсаты бір -  елімізді әлемге таныту, өз жетістіктерімен қазақ спортының деңгейін әлем сахнасында көрсету.

2012 жылғы Олимпиада ойындарына 135 елдің дзюдошысы қатысты. Спортшыларға Олимпиадаға қатысу жолдамасын алу тәртібі дзюдо спортында ең қиын жүйелердің бірі. Алайда еш қиындыққа  қарамастан 2012 жылы, яғни Лондон олимпиадасы қарсаңында, еліміздің ерлер құрамасы ойнатылған жеті лицензияның барлығын жеңіп алса, әйелдер құрамасы да екі жолдамаға ие болды.

Қазақстандық дзюдошылар 6 рет жазғы Олимпиада ойындарына, 8 рет әлем чемпионатына, 18 рет Азия чемпионатына және 6 рет Азия ойындарына қатысты.

Жазғы Олимпиада ойындары кезінде еліміздің дзюдошылары 3 медаль жеңіп алды. 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадада Асхат Житкеев (100 кг) күміс медаль жеңіп алды. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарында Елдос Сметов (60 кг) және Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) құраманың қоржынын тағы екі медальға толықтырды: күміс және қола.

Қазақстан спортшылары  қол жеткізген табыстарына тоқтап қалмай, үнемі үлкен спорт жеңістеріне құлшына қатысып, жеңімпаз аталуда: Максим Раков (2011 ж), Азамат Мұқанов (2013 ж), Рустам Ибраев (2015 ж), Ерлан Серікжанов (2018) күміс жүлдегер атанса, Асхат Житкеев (2001 ж) және Асхат Шахаров (2001 ж), Галбадрах Отгонцэцэг (2017 ж, 2018 ж) Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қазақстанда жыл сайын дзюдо спортына қызығушылық артуда. Ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында ел біріншіліктері өтіп тұрады, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам спортшы қатысып, дзюдоға қызығушылық танытқандардың саны мен сапасының көтерілгенін көрсетеді.

РМҚК «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығының» дзюдо бөлімінің үлкен жетістіктерге жеткен спортшылары:

1. Садуақас Бекарыс дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2018 жылы Буэнес-Айресте (Аргентина) жасөспірімдер арасында -100 кг салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.




2. Гриценко Маргарита дзюдодан спорт шебері. 2018 жылы Буэнес-Айресте (Аргентина)жасөспірімдер арасында -78 кг салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындарының күміс жүлдесіне ие болды.



3. Серікбаев Нұрқанат дзюдодан спорт шебері. Жасөспірімдер арасында 50 кг салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы 2019 ж. Алматы қаласында өткен.




4. Арапов Айдар спорт шебері. 2019 жылы Алматы қаласында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, ЧА 1 орын.


5. Алима Жумагалиева спорт шебері. Алматы қаласында өткен Әлем чемпионатының 44 кг салмақта 3 орын иегері. Азия чемпионаты 1 орын.




6. Парагульгова Мадина спорт шебері. 2019 жылы Алматы қаласында өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдесіне ие болған.



Сонымен қатар Давлатов Шерзод 2018 жылы жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, Байғазы Аян 2018 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері , Шамшаев Данияр 2018 ЧА 1 орын. Тынарбай Тілеген 2019 жылы Азия және Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Әділ Марлен 2019 жылы Азия және Әлем чемпионаты 3 орын. Ережепова Аружан Азия чемпионаты 3 орын 2019 ж. Сотникова Кристина 2018 ж Азия чемпионаты 3 орын. Естай Серікбол Азия чемпионаты 2 орын кадеты 2019, Лес Аслан Азия чемпионаты 3 орын 2019. Абдешова Балнұр 2019 ж. Азия Чемпионаты 3 орын. Куанышова Аяулым Азия чемпионаты 2018 ж. 3 орын.

1.

Старший тренер по дзюдо (юниор)

Мұқанов Азамат Айдынұлы

30.01.1987

Тренер высшего уровня квалификации и первой категории

2.

Старший тренер по дзюдо (молодежь)

Имашев Айбек Асетович

15.08.1992

Тренер высшего уровня квалификации 1 категории

3.

Старший тренер по дзюдо (юниорки)

Хатип Арсен Ғабиденұлы

15.09.1985

Тренер высшего уровня квалификации и высшей категории

4.

Старший тренер по дзюдо (девушки)

Мыктыбеков Нурбек Сарсенбекович

15.07.1987

Тренер высшего уровня квалификации и высшей категории

5.

Старший тренер по дзюдо (кадеты)

Туребеков Бахытжан Ибрагимович

16.02.1988

Тренер высшего уровня квалификации 1 категории

6. 

Старший тренер по дзюдо (кадетки)

Есингалиев Гайнулла Болатович

27.08.1990

Тренер высшего уровня квалификации высшей категории

Бөлісу: