«Сарыарқа» велотрегінде оқушылар арасында шағын футболдан турнир өтті

06.05.2019

Футбол маусымының басталуына орай бүгін «Сарыарқа» республикалық велотрегінде оқушылар арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Турнир бұқаралық спортпен қатар, балалар спортын дамыту, жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Турнирге Нұр-Сұлтан қаласынан орта білім мектеп-лицейлерінің, №59 мектеп-лицейінің, №82 «Дарын» мамандырылған лицейінің, №84 және №85 мектеп-лицейінің шәкірттері, Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық мектебінің, республикалық физика-математика мектебінің оқушылары және велосипед спортынан ОДО-ның шағын футбол секциясының тәрбиеленушілері қатысты.   16 команданың құрамы 6-12 жас аралығындағы 8 ойыншыдан тұрды.

Турнир барысында жас спортшылар жеңіске жету үшін жылдамдық пен шыдамдылық қасиеттерін, тактикалық дайындық пен футбол ойнау ептілігін көрсете білді.

Турнирдің қорытындысына сәйкес назарларыңызға жеңімпаз командалардың тізімін ұсынамыз.

6-8 жас аралығында:

1 орын - Республикалық физика-математика мектебі;

2 орын - №84 мектеп-лицейі;

3 орын - Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық мектебі.

10-12 жас аралығында:

1 орын - Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық мектебі;

2 орын - №84 мектеп-лицейі;

3 орын - №82 «Дарын» мамандырылған лицейі.

Жеңімпаздарға орталықтың атынан Грамота, медаль және Кубок табысталды.


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: