Жаңалықтар
«Сарыарқа» велотрегінде оқушылар арасында шағын футболдан турнир өтеді
Футбол маусымының басталуына орай 4 мамырда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде оқушылар арасында шағын футболдан жарыс өтеді.
Турнирдің мақсаты - бұқаралық спортпен қатар, балалар спортын дамыту, жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Турнирге Нұр-Сұлтан қаласының барлық мектептерінен 16 команда қатысады. Әр команданың құрамы 6-12 жас аралығындағы 8 ойыншыдан тұрады. Турнир барысында жас спортшылар жеңіске жету үшін жылдамдық пен шыдамдылық қасиеттерін, тактикалық дайындық пен футбол ойнау ептілігін көрсетулері керек.
Жеңімпаздар жалпы командалардың тікелей кездесулерінің қорытындысына сәйкес анықталады. Оларға медальдар және тиісті деңгейде дипломдар табысталатын болады. Сонымен қатар аталған жарыста үздік қорғаушы, үздік қақпашы және үздік шабуылшы анықталады.
Шағын футбол турниріне қатысу үшін өтінімдер алдын ала 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін 8-771-215-63-22 телефон нөмірі арқылы қабылданады.
Жарыстың ұйымдастырушысы «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК болып табылады.
Ендеше, футбол жанашырларын сүйікті командалардың жанкүйері болуға шақырамыз.
Өтетін орны мен уақыты: «Сарыарқа» республикалық велотрегінің футбол алаңы, Қабанбай батыр даңғылы, 45 А. Басталуы: сағат 10.00 - де.
БАҚ аккредитациясынан өту үшін мына телефон нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (7172) 70 71 52, + 7 775 826 76 79.
Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі