Жаңалықтар
Наурыз - мейрамын мерекелеуге арналған спорттық турнир
20 наурыз «Сарыарқа» велотрегінде Наурыз мейрамын тойлауға арналған волейболдан ашық турнир өтті. Жарыста Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ұйымдардың қызметкерлерінен құралған 5 команда сынға түсті: Астана Опера, «Қазақконцерт» ОКЗ, «Олимпик» ( «Нұр-Сұлтан олимпиадалық даярлау орталығы», Республикалық дене шынықтыру және спорт бойынша оқу- әдістемелік және сараптамалық орталығы", Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мамандандырылған спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжі), «Қаллеки» - Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драматикалық театры, «Жеңіс» ( «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы), Ұлттық штаттық және спорттық резерв дирекциясы.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Олимпик;
2 орын – «Қазақконцерт» ОКЗ;
3 орын – Астана Опера;
4 орын – Қаллеки;
5 орын – Жеңіс.
Айта кетейік, турнирге 2 әйелдер командасы қатысты, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлерінен құрылған «Әуен» командасы мен Нұр-Сұлтан қаласы Олимпиадалық даярлау орталығының «Жеңіс» командасы. Жеңіс «Әуен» командасына бұйырды. Бұл команданы Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері және әнші Светлана Ермекқызы Айтбаева басқарды.
Турнирдің барлық қатысушыларын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!