Орталықтың спортшылары Өзбекстандағы Азия чемпионатында «алтын» еншіледі

24.04.2019

Бүгін тас жолындағы жекелей сында жасөспірімдер арасында Максим Попугаев пен Ульяна Сухоребрик алтын медальды ел қоржынына салды. Қазақстан құрамасының спортшылары қарсыластарына дес бермей, үздік нәтиже көрсетті.

Естеріңізге салсақ, Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан 39-шы Азия чемпионаты 28 сәуірге дейін жалғасады. Құрлықтың ең беделді жарысына әлемнің 40 елінен келген 500-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан құрамасының сапында 29 велошабандоз ел намысын қорғайды.

Велошабандоздарды жемісті жетістігімен құттықтаймыз. Әлі де алар асулары, шығар белестері көп болсын! 


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі 

Бөлісу: