Жаңалықтар
Орталықтың спортшылары халықаралық жарыстарға қатысуда
2019 жылдың 18-23 мамыр аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары Ресейдің Тула қаласында өтіп жатқан халықаралық жарысқа қатысуда.
Қыздар арасындағы тас жолы және маунтинбайк жарысында ел намысын Н.Зайцева, Е.Жданова, В.Моховикова, Ю.Голубкого, К.Чернышова, А.Юнкман қорғайды. Жаттықтырушы Е.Николаева, механик О.Гриценко.
25 мамыр мен 7 маусым аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары Ресейдің Тула, Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында өтетін халықаралық жарысқа қатысады.
Жастар құрамасындағы В.Голов, Д.Резанов, А.Чугай, С.Пономарев трек-темп жарысында қарсыластарымен бақ сынасады. Жаттықтырушы В.Савицкий, механик Д.Федоров.
Сондай-ақ, трек-спринт жарысында жасөспірімдер құрамасы атынан А.Сафаров, Т.Сиазбеков, А.Крейс, А.Жаяуғанов, Д.Касимов сынға түседі. Бапкер И.Сиваш және механик И.Ардашов.
25 мамыр мен 4 маусым аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары Ресейдің Тула және Мәскеу қалаларында өтетін халықаралық жарысқа қатыспақ.
Жастар құрамасынан Ғ.Әзен, И.Юсифов, Т.Асылхан трек-темп жарысында өнер көрсетеді. Бапкер Ю.Юда.
Қазақстан құрамасына алдағы жарыста сәттілік пен жеңіс, жемісті жетістік тілейміз.
Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі