Орталықтың спортшылары халықаралық жарыстарға қатысуда

01.04.2019

2019 жылдың 30 наурыз бен 19 сәуір аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары Ресейдің Майкоп қаласында өтіп жатқан халықаралық жарысқа қатысуда. 

Тас жолы жарысында ел намысын Д.Буканова, У.Сухоребрик, Ә.Төлемісова, А.Лынник, қорғайды. Тартысты додада жаттықтырушы В.Брусенская, механик Н.Зайцев спортшыларға қолдау білдірмек. 

2019 жылдың 30 наурыз бен 21 сәуір аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары Белоруссияның Минск және Мозырь қалаларында өтетін халықаралық жарысқа қатысады. 

Жасөспірімдер құрамасы К.Стужук, К.Титовская, Э.Хамзина, А.Өсім, Е.Жданова, В.Моховикова трек-темп, спринт жарысында қарсыластарымен бақ сынасады. Байрақты бәсекеде спортшыларға бапкер С.Тарасова, массаж жасаушы Э.Сағындықова қолдау көрсетпек. 

2019 жылдың 1-29 сәуір аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары Белоруссияның Минск және Мозырь қалаларында өтетін халықаралық жарысқа қатыспақ. 

Қыздар құрамасы Н.Зайцева, А.Спирина, Л.Репп, В.Казакова, Е.Мандракова, Э.Гринберг жарыста сынға түспек. Аталмыш сайыста спортшыларға бапкер Е.Николаева, механик О.Гриценко қолдау көрсетпек. 

Қазақстан құрамасына алдағы жарыста сәттілік пен жеңіс, жемісті жетістік тілейміз.


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі 

Бөлісу: