Футзалдан балаларға арналған оқу-жаттығу жиындары

11.10.2019

30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау Орталығы футбол секциясының тәрбиеленушілері нұсқаушы Ойратов Қайраттың бастамасымен Алматы қаласындағы «Қайрат» ФК Академиясына барып келді.

Онда балалар Академия жаттықтырушыларымен түрлі оқу-жаттығу жиындарын, «Қайрат» ФК Академиясының тәрбиеленушілерімен фузалдан жолдастық кездесулер өткізді.

Аталған оқу-жаттығу жиындары жас спортшылардың білімдері мен кәсіби біліктілігін жетілдіру және техникалық мүмкіндіктерін жаңа деңгейге көтеру мақсатымен ұйымдастырылды.

Спортшылардың бұл сапарының жүзеге асуына «NURSYSTEM» ЖШС себепкер болды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта шағын футбол секциясына жазылу жүріп жатыр. Біздің құраманың мүшесі бол!

Бөлісу: