АСТАНАДА СЕМСЕРЛЕСУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ БАСТАЛДЫ

26.03.2026

АСТАНАДА СЕМСЕРЛЕСУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ БАСТАЛДЫ

Елордада семсерлесуден маусымның басты жарыстарының бірі - шпага бойынша Әлем кубогының іріктеу кезеңдері өтуде.«Qazaqstan» жеңіл атлетикакалық спорт кешенінің алаңында әлемнің 60 елінен келген 600-ден астам спортшы бақ сынауда.

Жарыс 29 наурызға дейін жалғасады. Алда әлі де тартысты кездесулер, жарқын сәттер мен әсерлі жекпе-жектер күтіп тұр.

Баршаңызды спортшыларды қолдауға және үлкен спорттың ерекше атмосферасын сезінуге шақырамыз! Ал қатысушыларға сәттілік, әдемі жекпе-жектер мен лайықты жеңістер тілейміз!

Бөлісу: