Астанада «Алтын сақа» Х-ншы халықаралық турнирі өтті

10.07.2018

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алтын сақа» Х-ншы Халықаралық турнирінің жабылу салтанаты өтті.

Аталмыш жарысқа Қазақстан, Қырғызстан мен Якутия елдерінің спортшылары қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша қыздар арасында 1 орынды Мариям Алиева, Айжан Серікова, Арайлым Құрмет (Қазақстан құрамасы),  2 орынды Гаухар Жалиева, Жанар Сұлтанова, Аружан Сүйінтай (Қостанай облысы), 3 орынды Жайна Бекмахан, Камиля Даниярова, Аружан Қуанова (Астана командасы) иеленді. Сондай-ақ, «Бес асықтан» жекелей ойынында 1 орынды Томирис Құсайынова (Ақмола облысы), 2 орынды Камиля Даниярова (Астана), 3 орынды Мадина Аюпова (Алматы) иеленгені үшін марапатталды.

Жасөспірімдер мен ерлер арасында 1 орынды Әділхан Жұмағұл, Мырзамұрат Қамыпбеков, Нұрқанат Молжігітов (Астана командасы), 2 орынды Нұрбек Асанқұл, Асылан Бұланбай, Нұрбақыт Мыңтөре «Жігер командасы», 3 орынды Еркебұлан Абдиров, Мұхтар Ахметов, Алмас Қарабаев (Қазақстан командасы) қанжығасына байлады. Барлық жеңімпаздар мен меймандарға Диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Барша жеңімпаздарды жүлдемен құттықтаймыз және алдағы алар асулары биік, спортта жетістік тілейміз!

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығының баспасөз қызмеіт

Бөлісу: