ГОНКОНГТА ТРИАТЛОННАН ЖАСТАР МЕН ЮНИОРЛАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

13.03.2026

ГОНКОНГТА ТРИАТЛОННАН ЖАСТАР МЕН ЮНИОРЛАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

14–15 наурыз күндері Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында триатлоннан спринт қашықтығы бойынша юниорлар (U19) мен жастар (U23) арасындағы Азия чемпионаты басталды.

Биылғы құрлықтық додаға Азияның 15 елінен келген 135 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтайды.

Аталған жарыста «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының 10 спортшысы ел намысын қорғайды.
Спортсмендер тізімі:
            Крупяков Егор  
            Тен Александр          
            Жанабай Арлан  
            Шмулич Максим
            Қанай Елмұрат
            Ержанова Диана
            Нурмухамет Алуа
            Айнегов Рамазан
            Шевнин Матвей
            Шевченко Арсений

Спортшыларды жарысқа аға жаттықтырушылар М.Н. Мазур мен А.Б. Абдрахманов дайындап, командамен бірге жарысқа қатысуда.

Айта кетейік, спринт қашықтығындағы триатлон бағдарламасына 750 метр жүзу, 20 шақырым веложарыс және 5 шақырым жүгіру кезеңдері кіреді.


Бөлісу: