Велошабандоздарымыз Азия Кубогынан жүлдемен оралды

08.10.2018

Естеріңізге салсақ, 2018 жылдың 5-7 қазаны аралығында олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары Тайланд елінің Бангкок қаласында велосипед спортынан өткен Азия Кубогы халықаралық жарысына қатысқан болатын.

Үш күндік байрақты бәсекеде спотшыларымыз топ жарды. Нәтижесінде ұлдар арасындағы ұпай бойынша топтық жарыста Даниил Пехотин алтын медальды, ал жеке ізге түсу жарысында Сергей Кармажаков күміс медальды қанжығасына байлады.

Сондай-ақ, әйелдер арасындағы ұпай бойынша топтық жарыста Жанерке Санақбаева 2 орынды, ал Фаина Потапова 3 орынды иеленді.

Ендеше орталықтың спортшылары мен бапкерлер құрамын жемісті жетістігімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта алар асулары биік болсын демекпіз.

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығының баспасөз қызметі

Бөлісу: