Жаңалықтар
Велошабандоздарымыз Джакарта қаласында өтетін Азия Чемпионатына қатысады
28.12.2018
2019 жылдың 4-14 қаңтар аралығында Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Индонезияның Джакарта қаласында өтетін тректен Азия Чемпионатына қатыспақ ниетте.
Байрақты бәсекеде велошабандоздарымыз велосипед спорты бойынша ел намысын қорғайды.
Жасөспірімдер командасы (трек-спринт) - Темірхан Сиазбеков,
Александр Сафаров, Андрей Крейс, Алена Абрамчук. Жаттықтырушы Иван Сиваш;
- Жастар құрамасы (трек-спринт) - Сергей Пономарев, Максим Налетов, Андрей Чугай, Анастасия Шаповалова. Жаттықтырушы Валентин Савицкий, механик Валерий Дмитриев;
- Ұлдар (трек-темп) - Сергей Кармажаков, Даниил Пехотин, Дмитрий Потапенко, Дмитрий Носков. Жаттықтырушы Берік Көпешев, механик Александр Гончарев;
- Қыздар (трек-темп), (спринт) – Кристина Титовская, Кристина Стужук, Ақпейіл Өсім, Улиана Сухоребрик, Эльвира Хамзина. Жаттықтырушы Светлана Тарасова. Массаж жасаушы Андрей Медяников.
Қазақстан құрамасына алдағы Азия Чемпионатында сәттілік пен жеңіс, жемісті жетістік тілейміз.
Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі