Секция тәрбиеленушілері таеквондодан халықаралық турнирде бірнеше медальды ел қоржынына салды

06.02.2019

Біріккен Араб Әмірліктерінде таеквондодан (WTF) G1 санатында «Fujairah Open 2019» халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеге біздің орталықтың секция тәрбиеленушілері қатысты.

Аталмыш жарыс 1-3 ақпан аралығында өтті. «Fujairah Open» турниріне әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 1200-ден астам спортшылар қатысты. Олар әлемдік рейтинг ұпайы үшін бақ сынасты. 

Нәтижесінде 8 медаль, оның ішінде 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль ел қоржынына түсті. Әділ Тілеуғабыл, Акрамат Долгиев, Балнұр Қаумбай, Элеонора Шералы, Асылтас Бажан алтын медальды иеленсе, Ибрагим Зариев күміс медальды, Амин Долгиев, Айнұр Меделбек қола медальды еншіледі. 

Естеріңізге салсақ, дүбірлі сындағы спортшылардың жемісті жетістік көрсетуіне орталықтың бапкерлері Асқар Джемалов пен Әлішер Бейсембайдың еңбегі зор.

Ендеше, жеңімпаз ұл-қыздар мен бапкерді үздік нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы уақытта алар асулары әрі шығар белестері көп болсын! 


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: