Орталық тәрбиеленушілері таеквондодан халықаралық турнирдің жүлдегерлері атанды

06.11.2019
1-3 қараша аралығында Қарағанды қаласында ауған соғысы ардагерлері құрметіне арналған таеквондодан балалалар арасында Халықаралық турнир өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша орталық тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды:
• Орынгалиева Диана - 1 орын (36 кг);
• Жанбиров Омар - 1 орын (30 кг);
• Бейбиткызы Адема - 2 орын (36 кг);
• Арапат Балауса - 3 орын (28 кг);
• Лопез Тлеубай Абдiл Марсело - 3 орын (32 кг).

Жас спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, әлі де осы қарқындарынан таймауды тілейміз!

Бөлісу: