Велоспорт бойынша олимпиадалық даярлау орталығында әкімдік өкілдерімен кездесу

29.11.2017

2017 жылдың 28 қарашасында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Республикалық «Сарыарқа» велотрегінің орталығының қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру әңгімесі өткізілді. Кездесуде әлеуметтік төлемдер мен жұмыспен қамту, «Нұрлы жер» бағдарламасы және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі тұрғын үй жинақтары мәселелері талқыланды.

Бұл кездесуде баяндамашылар келесі тақырыптар бойынша сөз сөйледі:

«Нұрлы жер» бағдарламасы

Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының бас маманы Бекетаев Айдар Тұрғанбекұлы

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бірінші санатты маманы Мұхамеджанова Үміт Қадыржанқызы

2018 жылдың қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу.

Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Есіл аудандық әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы Жүндібаева Нұргүл Қасымжанқызы

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру

«БЖЗҚ» АҚ Астана қаласы бойынша Көлік қызметі бөлімінің жетекші маманы Әлия Қайырбекқызы Тасмағамбетова

Бөлісу: