Жаңалықтар
Маусым айында МС және ТКБ бойынша спортшылардың кетуі
11.06.2019
2019 жылғы маусым айына велосипед спорты бойынша олимпиадалық даярлық орталығы спортшыларының халықаралық сайыстары және оқу-жаттығу жиындары
Ағымдағы жылдың маусым айында Велосипед спорты бойынша олимпиадалық даярлық орталығының спортшылары бірқатар халықаралық рейтингтік сайыстарға қатысады:
ЖАСТАР ҚҰРАМЫ БӨЛІМІ (ТРЕК-ТЕМП)
- Бөлім спортшылары 01-13 шілде аралығында Германия және Италияда өтетін CLl санатты халықаралық сайыстарға қатысады. Команда құрамында келесі спортшылар бар: Азен Г., Турар А., Юсифов И. Бөлімнің аға жаттықтырушысы Юда Ю.Ю.
ЖАСТАР ҚҰРАМЫ БӨЛІМІ (ТРЕК-СПРИНТ)
- 13-18 шілде аралығында бөлімнің спортшылары Чехияда Брно қаласында өтетін халықаралық сайыстарға қатысады. Қазақстан құрамасы атынан келесі спортшылар сайысады: Чугай А., Резанов Д., Пономарев С. Аға жаттықтырушы Савицкий В.С., механик Дмитриев В.Ф.
ЮНИОРЛАР БӨЛІМІ (ТРЕК-СПРИНТ)
- 13-16 маусым аралығында бөлім спортшылары Чехияның Брно қаласында өтетін халықаралық сайыстарға келесі құрамда қатысады: Сафаров А., Сиазбеков Т., Крейс А., Жаилганов А. Аға жаттықтырушы Сиваш И.В., механик Ардашев И.Г.
- Бұдан кейін 18-20 маусым аралығында Алматы қаласында тереңдетілген медициналық тексеру жоспарланып отыр. Жиынға 10 спортшы қатысады: Сафаров А., Сиазбеков Т., Крейс А., Жаилганов А., Касимов Д., Остренков Д., Шектыбаев А., Ходжаев Р., Голубкова Ю., Курдиди К. Аға жаттықтырушы Сиваш И.В., механик Ардашев И.Г.
- Одан кейін 21 маусымнан бастап 08 шілде аралығында Қырғыз елінде Каджы-Сай қаласында арнайы дене дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиыны өтеді. ОЖЖ 10 спортшы: Сафаров А., Сиазбеков Т., Крейс А., Жаилганов А., Касимов Д., Остренков Д., Шектыбаев А., Ходжаев Р., Голубкова Ю., Курдиди К. қатысады. Аға жаттықтырушы Сиваш И.В., механик Ардашев И.Г.
МАУНТИНБАЙК БӨЛІМІ (ЮНИОРЛАР, ЮНИОР ҚЫЗДАР)
- 4 маусымда маунтинбайк бөлімі Алматы қаласында тереңдетілген медициналық тексеру өтті.
05 -14 шілде аралығында Алматы қаласында халықаралық сайыстар алдындағы оқу-жаттығу жиыны өтеді, оған 4 спортшы Аликулов Т., Карпухин Н., Турсункали Д., Репп Л., аға жаттықтырушы Аканов Т.К., массажист Сагындыкова Э қатысады.
Бұдан кейін 15-19 маусым аралығында Түркияның Конья қаласындағы халықаралық сайыстарға 3 спортшы Аликулов Т., Карпухин Н., Турсункали Д қатысады. Аға бапкер Аканов Т.К., механик Стрелецкий А.
ҚЫЗДАР БӨЛІМІ
- 6 спортшы қыз Батырбекова Б., Бруй А., Мандаракова Е., Гринберг Е., Репп Л., Зайцева Н. Уфа қаласында (РФ) 22 маусым – 1 шілде аралығында өтетін халықаралық сайысқа қатысуы жоспарланып отыр. Бөлімнің аға жаттықтырушысы Николаева Е.А.