Жаңалықтар
Велотректе XI Халықаралық "Азия асығы" турнирі өтті
04.07.2019
1-4 шілде аралығында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде астана күніне орай XI-ші Халықаралық «Азия асығы» турнирі өтті.
Турнир мақсаты ұлттық спорт түрін халықаралық дәрежеде насихаттауға, салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған. Аталған жарысқа Моңғолиядан және республикамыздың әр облысынан құрамалар қатысты.
Жарыс бағдарламасы бойынша 2-3 шілде күндері негізгі ойындар,
4 шілде күні жартылай финал және финалдық ойындар өтті.
Сайыс нәтижесі төмендегідей:
- Ерлер арасында:
- I орын – Қазақстан құрамасы;
- II орын – Жамбыл облысы;
- III орын – Нұр-Сұлтан қаласы.
- Әйелдер арасында:
- I орын - Қазақстан құрамасы;
- II орын – Қостанай облысы;
- III орын – Нұр-Сұлтан қаласы.
Турнир фотосуреттеріне келесі сілтеме арқылы өтесіз: /press-center/photogallery/xi-mezhdunarodnyy-turnir-asyk-azii/