Жас мәнерлеп сырғанаушылардың жаңажылдық көрсетілім кеші

18.12.2019

13 желтоқсанда «Сарыарқа» республикалық велотрегінің мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан балалардың жаңа жылдық көрсетілімі өтті.

Аталмыш іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, өскелең ұрпақ арасында мәнерлеп сырғанауды дамытуға және спорттық шеберлік деңгейін арттыруға, дарынды балаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Жаңа жылдық көрсетілімге біздің орталықтағы мәнерлеп сырғанау секциясының 4-тен 12 жасқа дейінгі 40-тан астам бүлдіршіні қатысты. Шара барысында жас фигуристер классикалық және заманауи музыка арқылы өздерінің дене дайындығын, жылдамдығын, зейінін, күш пен ептілігін көрсетті, жыл бойы алған дағдыларын ортаға салды. Ахметова Малика халық әншісі Роза Рымбаеваның «Гүлдене бер, менің жерім!» әнін орындаса, Нұрсейіт Алтынарай сазсырнай аспабында ойнады.

Кеш соңында Орталықтың барлық тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Бөлісу: