Таеквондо WT бойынша ҚР Чемпионатының аяқталды

15.03.2021

6-10 наурыз аралығында Талдықорған қаласында таеквондо WT бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты мәресіне жетті. Сайысқа барлығы 17 командадан 300 спортшы қатысты.

Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша, «Нұр-Сұлтан» олимпиада орталығының сплртшылары жақсы нәтиже көрсетті: Кумартаева Айдана 46 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, сондай-ақ, Бақберген Нұрсат (68 кг) пен Караджанова Азиза (53 кг) еліміздің қоржынына екі қола жүлде салды.

Спортшыларымызды жүлделерімен құттықтаймыз және спорттық мансаптарында сәттілік тілейміз!

Бөлісу: