Street Workout Әлем Чемпионаты

01.12.2014

1 желтоқсанда Астанада «Сарыарқа» велотрегі аренасында «Street Workout» бойынша ең ауқымды халықаралық чемпионат өтті.

Бұл спорт  көше спорт алаңдарында, атап айтқанда турниктерде, қырлы бөренелерде, швед қабырғаларында, көлденең сатыларда және басқа құрылымда, немесе жерде әр түрлі жаттығуларды орындауды қамтиды.

 Американдық атлет Ганнибал Фор Кингтің ұмытылмас өнері көрермендерді қуантты.  Сондай-ақ Big Som және Алаш тобы өнер көрсетті.

 «Street Workout 2014» бойынша Әлем Чемпионатының нәтижелері:

  • 1 орын - Диас Биджиев, Қазақстан
  • 2 орын - Валерий Кишенко, Ресей
  • 3 орын - Михаил Греков, Украина

Қазақстанда workout-қозғалысы спорттың дамудағы түрлерінің бірі болып табылады.

Сіздің назарларыңызға фото-есеп:

Бөлісу: