Мемлекеттік сатып алулар туралы 2020 жылғы I, II, III тоқсандар бойынша ақпарат

18.09.2020

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы жалпы сомасы 756 056 323 теңгеге шарт жасасты. Оның ішінде: қызметтер сомасы 194 901 508 теңге; тауарлар сомасы 561 154 815 теңге.

Covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты барлық сатып алу «Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысына сәйкес жүргізілді. Осылайша, отандық өндірушілерге қолдау көрсету үшін барлық тауарлар бірінші кезекте арнайы тәртіпті қолдана отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алынды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылған Мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия айқындаған бірінші кезектегі қажетті тауарлар (маскалар, қолғаптар, қорғаныш костюмдер және т.б.) бұған жатпайды.

Әлеуетті жеткізушілерге мәлімет үшін!

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы тауарларды/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттілігіне қарай жылдық жоспарға шамамен айдың бірінші онкүндігінде өзгерістер енгізеді.

Сондай-ақ, 01.06.2020 жылдан бастап осы тармақтың қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз:

19) тауарлардың электрондық каталогы – веб-порталмен интеграцияланған ақпараттық жүйе, онда әлеуетті өнім берушілер Интернет-дүкендер арқылы ұсынатын тауарлар туралы мәліметтер орналастырылады.

Анықтамалық:

Ереженің 378 т.: «.....Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасында көзделген негіз бойынша шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылады.

Сатып алынатын тауарлар тауарлардың электрондық каталогында болмаған не тауарды тауарлардың электрондық каталогында орналастырған әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, мұндай мемлекеттік сатып алу Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес тауарлардың электрондық каталогын пайдаланбай жүзеге асырылады.»

Жоғарыда баяндалғанға байланысты, бәсекелестікті арттыру, сіздің сату көлемін және Мемлекеттік мекемелердің тауарларды бір көзден сатып алуды жүзеге асыруының ашықтығын арттыру мақсатында барлық әлеуетті өнім берушілерді сіздің тауарларыңыз бойынша ақпаратты электрондық каталогта орналастыруға шақырамыз www.omarket.kz.

Бөлісу: